24 мамыр 2020 | 12:52

Астаналықтар үшін карантин режимі жеңілдеді

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Прәлиева карантин инфекциясына байланысты қосымша ереже туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Жанна Прәлиева карантин инфекциясына байланысты қосымша ереже туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

23 мамырдан бастап қала тұрғындарына, ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылаына, меншік нысанына қарамастан карантин аяқталғанға дейін:

Реклама
Реклама
екі және одан да көп адамның бірлесіп серуендеуі кезінде масканы міндетті түрде тағуға және 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тұратын жерінен еркін шығуға рұқсат етіледі; аулаларға шығуға және саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға міндетті түрде маска тағып үш адамнан аспайтын топтармен не бір отбасы мүшелеріне 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі; саяжай учаскелеріне бару үшін елді мекенге кіруге/шығуға рұқсат етіледі; қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және қызметі рұқсат етілген нысандарға барған кезде маска тағып, қолғап киіп жүруге және антисептик пайдалану бойынша талаптарды қатаң сақтауы керек; отбасылық еске алу, әдет-ғұрып және өзге де іс шаралар өткізуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетуге тыйым салынады; кәсіпкерлік нысандар мен ұйымдар меншік нысанына қарамастан карантиндік және шектеу шараларын сақтауын қатаң бақылауды қамтамасыз етеді", - делінген қаулыда. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная