23 тамыз 2023 13:17

Астаналықтарды LRT маңында қытай тілінде жазылған баннер таңғалдырды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанадағы LRT құрылыс алаңдарында қытай тілінде мәтін жазылған баннер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы LRT құрылыс алаңдарында қытай тілінде мәтін жазылған баннер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баннерде мотивациялық сипатта мәтін жазылған. Қала тұрғындарын баннерлер не үшін ілгені қызықтырды. Айта кетейік, елордадағы жеңіл рельсті көліктің бас мердігері - қытайлық компания.

Реклама
Реклама

Әлеуметтік желіде баннерлердің бірінің суреті тарады, онда: "Кәсіпорын қауіпсіздікте жеңіске жетеді. Өмір қорғағанға құнды" деп жазылған.

Елордалық көлік компаниясының CTS баспасөз қызметі жазба астына пікір жазып, жағдайды түсіндірді.

"Мердігерлер ұжымдық рухты нығайту үшін осындай баннерлерді іледі. Сондай-ақ, жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасы үшін де баннерлер ілінеді", - деді CTS баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада LRT құрылысы қайта басталды. Кейін елорда әкімдігі Сығанақ көшесінің бір бөлігі нысан құрылысына байланысты үш айға жабылатынын хабарлаған еді.

Бірнеше күн бұрын, әлеуметтік желіде LRT құрылыс алаңдарының бірінде ағаштарды отаған бейне пайда болған еді. CTS China Railway Asia-Europe Construction Investment мердігеріне қатысты Қазақстан заңнамасына сәйкес айыппұл шаралары қабылданатынын мәлімдеді. Айыппұл сомасын уәкілетті орган қояды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram