Астаналықтарға 9 мамырда ауа райы бұзылатыны туралы ескертілді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

9 мамырда Астана мен Ақмола облысында найзағай, бұршақ және жел күтіледі. Қалада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

9 мамырда Астана мен Ақмола облысында найзағай, бұршақ және жел күтіледі. Қалада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналықтарға ауа райы нашарлайтыны туралы ескерту хабарламалары келіп жатыр.

Реклама
Реклама

"Қазгидромет" деректеріне сәйкес, 9 мамырда Астанада найзағай, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде екпіні 15-18 метр секундқа дейін жетеді.

Астана Төтенше жағдайлар департаменті қалада дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

Синоптиктер мәліметінше, Ақмола облысында түнде батыста, солтүстікте, оңтүстікте, күндіз облыстың басым бөлігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең өңірдің солтүстігінде тұман болады. Күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз батыста, оңтүстікте, шығыста екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Батыс, оңтүстік және шығыс өңірлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Көкшетауда 9 мамырда түнде және таңертең тұман, таңертең және күндіз кей уақытта найзағай мен бұршақ күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама