Астаналық кәсіпкер "GGG" үшін жазаға тартылды

Астаналық кәсіпкер "GGG" үшін жазаға тартылды © market.kz

Астанада GGG тауар белгісін заңсыз пайдаланған кәсіпкер жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі "GGG" ЖК өкілінің арызы бойынша "Сарыарқа" сауда орталығында орналасқан PLAY бутигінде GGG тауар белгісін заңсыз пайдалану дерегімен Оспановқа қатысты қозғалған қылмыстық істің өндірісін 2016 жылы ақпанда аяқтады.

"Бутиктегі сатылым барысын тексеру кезінде жеке кәсіпкердің GGG брендінің әріптік белгілерін заңсыз өткізгені анықталды, ал бұл тауар белгісінің иесі "GGG" ЖК басшысы Максим Головкин", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Реклама
Реклама

Бутиктен мына заттар тәркіленді: GGG әріптері бар бас киімдер - 44 дана, футболкалар - 8, GGG саптыаяқтары - 11.

"Сонымен қатар, Оспанов ҚР ҚК-нің 222-бабы 1-бөлігінде көрсетілген құқықты бұзды. Ол құқық бұзғанын толық мойындап, шығынды өтеп берді", - деді департамент мамандары.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама