Астаналық жезөкшелер АИТВ-ға тексерілді

© REUTERS

Астана полициясы "???ы?ты? т?ртіп" жедел-профилактикалы? шарасын ?ткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астана полициясы "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана қалалық ІІД ұйымдасқан қылмыстық топппен күрес басқармасының қызметкерлері интернет ресурстарымен жұмыс істеп жатыр, оның ішінде интим-қызмет ұсынатын хабарландыру жарияланатын сайттар да бар. ҰҚКТБ қызметкерлері интим қызмет ұсынған 163 адамды анықтады", - делінген ІІД таратқан хабарламада. 

Тексеру шаралары барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысқан 53 әйелді есепке қойды. Сонымен қатар, интим қызмет көрсетілетін жеті мекенжай анықталды. 

Реклама
Реклама

"ЖИТС орталығымен бірлесе отырып, АИТВ жұқпалы ауруына 136 адамның қаны тексерілді. АИТВ ауруын жұқтырғандар табылған жоқ", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Осыған дейін, елордалық жезөкшелердің шамамен 80 пайызы венерологиялық ауруларды жұқтырып алғаны хабарланды. Сондай-ақ, Орталықтың мамандары "сенім кабинетінде" жезөкшелерге дерматологтан немесе гинекологтан аноним түрде тегін ем алуға болатынын, сондай-ақ, ЖҚТБ-ға тексеріле алатынын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама