Астананы газдандыру: Тарату желілеріне 28 миллиард теңге қажет

© Тұрар Қазанғапов

Астананы газдандыру үшін тарату желілеріне 28 миллиард теңге қажет. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мәжілістегі отырыс барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананы газдандыру үшін тарату желілеріне 28 миллиард теңге қажет. Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев Мәжілістегі отырыс барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астанада тарату желілерін қаржыландыру үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптамаға жолданды. Келесі аптада техникалық-экономикалық негіздеменің дайын нұсқасын аламыз деп болжап отырмыз. Астана әкімдігінің өкілдері осы тарату желілерінің құрылысы бойынша жобалық сметалық құжаттама дайындауы тиіс. (...) Ондағы құрылыс жұмыстарына шамамен 28 миллиард теңге жұмсалады", - деді Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, республикалық бюджеттен қаржы бөлінгенге дейін олар қаражатты жергілікті бюджет мен инвесторлардан алады. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, мұның алдында Астана әкімдігінде қаланы газдандырудың мерзімі айтылған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама