24 наурыз 2023 | 09:33

Астананы қалың тұман басты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Синоптиктер Астанадағы тұман қанша уақытқа дейін сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астанадағы тұман қанша уақытқа дейін сақталатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астаналықтар 23 наурызға қараған түннен бері қаланы қалың тұманның басып тұрған суреттерімен бөлісті.

Реклама
Реклама

Түнде және таңертең жолдарда көріну нашар.

Күндіз көшелердегі көру мүмкіндігі бірнеше жүз метрден аспайды.

Синоптиктердің мәліметінше, тұман күні бойы сақталады.

"Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон сілкінісінің ықпалы жалғасады, күн ашық және бір қалыпты жылы ауа райы сақталады. Тек солтүстік пен солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр жауады. Кейбір аймақтарда тұрақсыз ауа райы сақталып, жауын-шашын болады (республика бойынша жаңбыр жауады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік пен солтүстік-батыста жел күшейеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram