08 сәуір 2024 12:00

Астананы су басу қаупі бар ма?

Фото:t.me/KZgovernment

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен су тасқыны жағдайын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Астана әкімі Жеңіс Қасымбек және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен су тасқыны жағдайын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана арқылы тасқын суларды өткізуге және ықтимал су тасқынынан қорғауға арналған Астана контрреттегішінің жай-күйі тексерілген. Сонымен қатар, Майбалық көлі мен Вячеслав су қоймасының жағдайын бақылады.

Астаналық контрреттегіште судың ағуы қазір секундына 30 текше метр болатыны баяндалған. Контрреттегішке келіп жатқан ағын секундына 248 текше метр болады. Бүгінде контрреттегіштің су ағызу қабілетін секундына 40 текше метрге дейін арттыру жоспарланып отырғаны айтылды.

Реклама
Реклама

"Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтері бойынша ахуал тұрақты және ұдайы бақылауда, Астананы су басу қаупі жоқ", - делінген хабарламада.

Олжас Бектеновке Астана су қоймасындағы жағдай туралы баяндалды.

"Суды ағызу секундына 400 текше метр деңгейінде жүзеге асырылады, су қоймасының көлемі 409 млн текше метр болады. Преображенский торабында шарықтау шегіне жетті, Нұра өзені арқылы торапқа құятын су ағыны азайып келеді: қазіргі уақытта секундына 1400 текше метр өтіп жатыр.

Астана мен Ақмола облысының әкімдігі жақын маңдағы елді мекендер мен қалаларды су басудың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Тайтөбе ауылында су тасқынынан негізгі қорғаныс қызметін атқарған үйінділерді нығайту жұмыстары аяқталып жатыр. Биыл қолданыстағы 2400 метрлік бөгетке ұзындығы 1200 метр, биіктігі 2,5 метр болатын жаңа бөгет тұрғызылды.

Жедел штаб Астана, Қосшы мен Тайтөбе ауылындағы су қоймаларынан су жіберу деректері бойынша жасалған болжамдарды ескере отырып, су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
array:5 [
  0 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360549/thumb_m/photo_122860.jpeg"
    "title" => "Қатаң шаралар қабылдаңыз - Бектенов жылу беру маусымына қатысты тапсырма берді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/katan-sharalar-kabyildanyiz-bektenov-jyilu-beru-mausyimyina-360549/amp/"
  ]
  1 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360351/thumb_m/photo_122638.jpeg"
    "title" => "Премьер-министр Бектенов Қазақстандағы интернет сапасы туралы айтты"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/premer-ministr-bektenov-kazakstandagyi-internet-sapasyi-360351/amp/"
  ]
  2 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360169/thumb_m/photo_122440.jpeg"
    "title" => "Небәрі 1,5 жыл қалды - премьер-министр әкімдіктерге тапсырма берді"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/nebar-15-jyil-kaldyi-premer-ministr-akmdkterge-tapsyirma-360169/amp/"
  ]
  3 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_359665/thumb_m/photo_121900.jpeg"
    "title" => "Бектенов Тоқаевқа су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету жұмыстары туралы баяндады"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/news/bektenov-tokaevka-su-taskyinyinan-zardap-shekkenderge-komek-359665/amp/"
  ]
  4 => array:3 [
    "image" => "https://kaz.tengrinews.kz/userdata/news_kk/2024/news_360572/thumb_m/photo_122888.jpeg"
    "title" => "Үкімет резервтен 1,1 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады?"
    "url" => "https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/ukmet-rezervten-11-milliard-tenge-bold-ol-kayda-jumsaladyi-360572/amp/"
  ]
]