ПОДЕЛИТЬСЯ
14 қаңтар 2022 | 22:23
Астананың бас санитария дәрігері тұрғындарға үн қатты
Елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық жағдай нашарлауына байланысты тұрғындарға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елорданың бас санитария дәрігері Сархат Бейсенова эпидемиологиялық жағдай нашарлауына байланысты тұрғындарға үн қатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін елорда әкімі Алтай Көлгінов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, денсаулық сақтау басқармасы, емханалар мен жұқпалы аурулар ауруханалары басшылары қатысқан эпидемиологиялық жағдай бойынша қалалық штаб отырысы өтті. Онда коронавирусқа қатысты негізгі мәселелер қозғалды.
Фото: Александр Куприенко
Сархат Бейсенова елордада жұқпалы омикрон штамы анықталғанын еске салды.
"Бұған дейін қала тұрғынынан омикрон штамы анықталғанын айттық. Бұл инфекцияның қауіпті екенін көрсетеді. Жұқтыру деңгейі өте жоғары болып отыр, тәулігіне 5,5 мыңнан аса жағдай тіркеліп жатыр! Өсім 7 еседей жоғары! Инфекциялық төсек-орындар 70 пайызға толған. Ал мұның барлығы кейбір тұрғындар бетперде тақпағасын, әлеуметтік арақашықты, вакцина/ревакцинаны елемегесін болып отыр. Бәрі аса жұқпалы омикрон штамының тез таралуына ықпал етеді", - деді Сархат Бейсенова.
Санитария дәрігері тұрғындарды денсаулығын сақтау үшін шұғыл вакцина/ревакцина алуға шақырды.
"Тұрғындарды вакцина, ревакцина алуға тағы да шақырамын. Ұжымдар да қайта вакцина алуы керек! Дүние жүзіндегі сарапшылар мен ғалымдар коронавирусқа қарсы вакцина тиімді екенін және ауруды жеңуге көмектесетінін мойындады. Тек вакцина арқылы пандемия бұғауынан шығамыз! Денсаулығыңызды сақтау және нығайту тек өзіңізге байланысты екенін есте сақтаңыз!" - деді ол.
Фото: Александр Куприенко
Бейсенова қалада вакцина алғандар статистикасын келтіріп, бұл мәселеде саналы қадам жасаған азаматтарға алғысын білдірді.
"Бүгінде қалада 501 мыңнан аса адам бірінші компонентін алды. 70 пайыздан аса халық толық алды. Бірақ ревакцинаны да ұмытпау керек. Пандемияны тек екпе арқылы ғана жеңе аламыз. Әрбір тұрғын вакцина көмегімен өлімге душар ететін аурумен күресуге болатынын түсіну қажет", - деп қорытындылады Сархат Бейсенова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также