19 сәуір 2024 | 14:59

Астананың Білім басқармасы ата-аналар шағымына жауап берді

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әлеуметтік желілердегі қоқан-лоққы жазылған хабарламалар фонында Астана мектептері сабақты тоқтатқан жоқ. Бұл туралы елорданың білім басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілердегі қоқан-лоққы жазылған хабарламалар фонында Астана мектептері сабақты тоқтатқан жоқ. Бұл туралы елорданың білім басқармасы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, бүгінде қала мектептерінде барлық оқушы әдеттегідей оқып жатыр. Екінші ауысымның оқушылары да әдеттегідей сабаққа келеді.

Ата-аналардың баласын алып кеткісі келетіні, бірақ оларды мектепке кіргізбей жатқаны туралы шағымдарына басқарма мынадай жауап берді:

Реклама
Реклама

"Қала мектептерінің барлық оқушылары штаттық режимде оқиды. Оқу процесі жүріп жатқандықтан, ата-аналар мектепке жіберілмейді".

Еске салайық, бұған дейін Telegram-арналардың бірінде Астана мектептерінде жаппай қырғын болады деп қорқытқан тағы бір хат пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная