Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті

Дина Шарипханова Корреспондент
Астананың бір бөлігі жаңа жұмыс кестесіне көшті Фото ©️ Tengrinews.kz / Маржан Куандыкова

Астанада бірнеше ұйым бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада бірнеше ұйым бүгіннен бастап жаңа жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейді. Қала әкімдігі мәліметінше, бұл шешім жолда кептелісті азайту мақсатында қабылданып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кімдердің жұмыс кестесі өзгереді?

Қала орталығында орналасқан мемлекеттік және жартылай мемлекеттік құрылымдарға қатысты өзгеріс болмақ.

Жарнама
Жарнама

"Қалалық коммуналдық қызметтердің жұмыс күні таңғы 7:30-да, Астана әкімдігінің қызметі де 7:30-да басталады, ал кейбір мемлекеттік органдар мен жартылай мемлекеттік компаниялар жұмысты 7:30-8:00 аралығында бастайды. Жұмыс уақытының аяқталуы да сәйкесінше өзгереді", - деп жазылған хабарламада.

Бұл өзгеріс кімдерге әсер етпейді?

Әкімдік мәліметінше, жеке сектор, бизнес, мектептер, балабақшалар, ауруханалар, емханалар, ХҚКО және басқа әлеуметтік нысандардың жұмыс кестесі өзгермейді.

Ал кейбір министрліктер мен мемлекеттік органдардың жұмыс күні бұрыннан 8:00-де басталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама