21 қазан 2024 | 16:37

Астананың бірқатар ауданында электр жарығы өшіп қалды

Фото:depositphotos.com

Астананың бірқатар ауданында электр жарығы өшіп қалды. Мамандар оның себептерін анықтап жатыр. Оқиғаны Астана-ӨЭК баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың бірқатар ауданында электр жарығы өшіп қалды. Мамандар оның себептерін анықтап жатыр. Оқиғаны Астана-ӨЭК баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде елордадағы Алматы ауданында электр қуаты өшкені туралы ақпарат пайда болды. Қала тұрғындары астаналық пабликерге үйлерінде жарық жоқ деген пікірлер жазып жатыр.

Астана-ӨЭК мәліметінше, 21 қазанда сағат 15:06-да Алматы ауданында технологиялық ақаулар болып нәтижесінде Мыңжылдық аллеясы мен Тәуелсіздік даңғылы, Қордай және Байтұрсынов көшелері маңы электр жарығынсыз қалған.

Реклама
Реклама

"Сағат 15:32-де резервтік қуатқа ауысу жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта оның себебін анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Кейбір тұрғындар үйлеріндегі жарық әлі қосылмағанын алға тартады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram