Астананың орталығында өрт шықты: 8 пәтер зардап шеккен

Дина Шарипханова Корреспондент

Астана әкімдігі орталықта шыққан өрттің салдары туралы хабарлады. Сегіз пәтерге зақым келген. Бұл пәтерлер, сондай-ақ тұрғын үй кешенінің қасбеті өрт басталған дәмхана қожайындарының қаражатынан қалпына келтірілмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"18 қыркүйекте Достық көшесі, 12/1 мекенжайындағы 8 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы KaRima кафесінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Әкімдік, ТЖД және қалалық Полиция департаменті бірлесіп, оқиға орнында жедел штаб құрды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

ТЖД мен Полицияның үйлесімді әрекетінің арқасында өрт тез арада жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

"Өрт салдарынан 8 пәтер зардап шекті. Тұрғындар қаланың қонақүйлеріне уақытша орналастырылады. Сондай-ақ барлық бағытта көмек көрсетіледі", - делінген әкімдік хабарламасында.

Алдағы тәулік ішінде бүлінген пәтерлерді жөндеу және фасадты қалпына келтіру жұмысы KaRima кафесі иелерінің қаражаты есебінен басталатыны айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама