Астананың 20 жылдық мерейтойында қаладан үй-күйі жоқ адамдар шығарылмайды - Полиция

Астананың 20 жылдық мерейтойында қаладан үй-күйі жоқ адамдар шығарылмайды - Полиция © Тұрар Қазанғапов

ІІМ ?кімшілік полиция комитетіні? басшысы Игорь Лепеха Астананы? 20 жылды? мерейтойын тойлау кезінде Астанада?ы т?ра?ты мекенжайы жо? адамдарды? ?аладан арнайы шы?арылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха Астананың 20 жылдың мерейтойын тойлау кезінде Астанадағы тұрақты мекенжайы жоқ адамдардың қаладан арнайы шығарылмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде арнайы қабылдайтын бөлім бар, яғни, тұрғылықты мекенжайы жоқ адамның құжаты болмаса, ол арнайы мекемеге орналастырылады. Оларды арнайы ұшақпен, пойызбен алып кету деген болмайды. Ол адам қандай да бір ереже бұзса да, ол бізге орналастырылады. Тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар ғана", - деді Игорь Лепеха брифинг барысында.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың маусымында әлеуметтік желілерде тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдардың Астанада EXPO-2017 кезінде қаладан шығарылып жатқаны түсірілген видеожазба тараған еді. Куәгерлердің айтуынша, видеодағы тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдар Ақмола облысы Есіл ауылы, Қостанай облысында, сондай-ақ, Қарағандыда түсірілген.

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама