Астананың бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысы жабылады

© Тұрар Қазанғапов

Астананың бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астананың бірқатар көшелерінде автокөлік қозғалысы жабылады, - деп хабарлайды Tegrinews.kz тілшісі Астана қалалық әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының xабарландыруы бойынша, елордада жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты көлік қозғалысы үшін жолдар жабылады деп күтілуде. 

Атап айтқанда 9-31 шілде аралығында Б.Бейсекбаев көшесі, Тарxан көшесінен бастап Абай даңғылына дейінгі жолдар жабылады. 

Реклама
Реклама

10-23 шілде аралығында А.Аxматова көшесі, Күйші Дина көшесінен Петров көшесіне дейін көлік қозғалысына шектеу қойылады. 

10-30 шілде аралығында Ақбидай көшесі, К.Кемеңгерұлы көшесінен Өндіріс көшесіне дейін аралықта жолдар жабылады. 

Сондай-ақ 10-30 шілде аралығында Оқжетпес көшесі, К.Байсейітова көшесінен Ш.Бейсеков көшесіне дейін жол жабылады. 

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама