Астананың көлік бақылау инспекциясының бұрынғы басшысы пара үшін сотталды

©Tengrinews.kz фотоколлажы

Астананы? к?лік ба?ылау испекциясыны? б?рын?ы басшысы пара ал?аны ?шін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың көлік бақылау испекциясының бұрынғы басшысы пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана сотында "Астана қаласы бойынша көлік бақылау инспекциясы" РММ-ның бұрынғы басшысы Б.Д. Дабылға және көліктегі бақылау инспекциясы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Е.А. Тұрымовқа қатысты сот отырысы аяқталды. 

"Астана қаласының қылмыстық істер бойынша сот алқасы Б.Д. Дабылды ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-тарауы бойынша және 55-бабының 4-тарауын қолдана отырып, екі жылға бас бостандығынан айырды. Тұрымов 368-бабының 2-тарауы бойынша және 55-бабының 4-тарауына сәйкес, екі жылға бас бостандығынан айырылды. ҚК-нің 58-бабының 3-тарауына сәйкес, Тұрымов соңғы үкім бойынша үш жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді соттың баспасөз қызметінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне.

Реклама
Реклама

Іс материалы бойынша, Дабыл мен Тұрымов автокөлік компанияларынан қамқорлық үшін пара алып тұрған. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама