ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 05 қазан 2017 12:55
Астананың ластану деңгейі жоғары - "Қазгидромет"
2017 жыл?ы тамыз айына жасал?ан ба?ылауды? м?ліметтері бойынша Астананы? ластану де?гейі жо?ары деп ба?аланып отыр. Б?л туралы "?азгидромет" РМК экологиялы? ба?ылау бас?армасыны? басшысы З?уреш ?бдиева м?лімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2017 жылғы тамыз айына жасалған бақылаудың мәліметтері бойынша Астананың ластану деңгейі жоғары деп бағаланып отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК экологиялық бақылау басқармасының басшысы Зәуреш Әбдиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жылдың тамызында жүргізілген бақылау қорытындысы бойынша, Шапағат және Тұрат аудандарында орналасқан бекеттердің мәліметінше, Астананың ластану деңгейі жоғары деп бағаланып отыр", - деп хабарлады Әбдиева үкімет ғимаратындағы баспасөз мәслихатында.
Ол қаланың ластануының себебін анықтау үшін барлық мәлімет Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетіне тапсырылатынын айтты.
"Жоғары және төтенше жоғары деңгейде ластану жағдайы болғанда барлық телефонограммаға қажетті мемлекеттік органдар жіберіледі. Олар ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитеті мен облыс бойынша экология департаментінің аймақтық бқлімшелері", - деді Әбдиева.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу