Астананың мерейтойын өткізуге 19 миллиард теңгеге жуық ақша қарастырылған

© Тұрар Қазанғапов

Сенатта 2018-2020 жылдар?а арнал?ан республикалы? бюджетке ?згертулер енгізу м?селесін тал?ылау барысында Астананы? 20 жылды? мерейтойына ?анша а?ша ж?мсау жоспарланып отыр?аны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатта 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгертулер енгізу мәселесін талқылау барысында Астананың 20 жылдық мерейтойына қанша ақша жұмсау жоспарланып отырғаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде жалпы Астананың мерейтойы аясында 85 іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оған 18 миллард 800 миллион теңге бөлінді. Қаржы министрі бізге толықтай қолдау көрсетті. Осы іс-шараларды лайықты өткіземіз деп сенеміз", - деді мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков депутаттарға.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы өз кезегінде бұл қаражатты басқа дүниелерге жұмсау жөн болатынын айтты.

Реклама
Реклама

"Тапсырма бар. Астананың 20 жылдығын тойлауға қатысты іс-шаралар жыл бойы өткізіліп, бүкіл өңірде атап өтіледі. Түрлі кештер өткізіледі. Іс-шаралар бір жыл бойы өтеді", - деп жауап берді қаржы министрі Бақыт Сұлтанов депутатқа.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама