Астананың орталығындағы зәулім үй сатылмады

Камила Долаева Журналист
Астананың орталығындағы зәулім үй сатылмады

Астанадағы "Асыл Тас" ("Изумрудный квартал") әкімшілік ғимараты бойынша сатылым өткізілмеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда 4 қыркүйекке сағат 10.00-ге жоспарланған. Gosreestr.kz электронды сауда-саттық алаңына қарағанда, аукцион өткізілген сәтте сауда нысанындағы аукцион залында екіден аз қатысушысы болған және тіркелген. Сол себептен аукцион өткізілмеді. 

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, "Асыл Тас" кешені 24 миллиард 83 миллион 228 мың теңгеден бастапқы аукционға қойылған. Сауда-саттықтың түрі: ұлғаю тәртібінде. Сатушы "ҚазМұнайГаз-Сервис" ЖШС болды.

45 қабатты ғимарат (+2 техникалық қабат) Қонаев көшесі, 8 үйде орналасқан, жалпы ауданы 100 923,7 шаршы метр. Нысанның болжамды құны 23,7 миллиард теңге.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама