ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 29 қыркүйек 2022 15:09
Астрахань облысындағы Қазақстанмен шекарада мобилизация пункті ашылады
Астрахань облысы билігі Қазақстанмен шекарада уақытша ішінара мобилизация пунктін ашуға ниетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақ губернаторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жақын күндері Қазақстанмен шекарада әскерге шақыру қағазын беретін уақытша ішінара мобилизация пункті ашылады", - делінген хабарламада.
Краснояр өлкесі аумағында "Қараөзек" бақылау-өткізу пункті – Қазақстанға автокөлік өткізудің негізгі пункті орналасқаны атап өтілді. Мұнда елден кеткісі келетіндердің ұзын сонар кезегі жиналған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу