ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қазан 2021 | 13:01
"Астықжан" сауда орталығындағы өрт: дәрігерлер терезеден құлаған қыздың жағдайын айтты
Дәрігерлер "Астықжан" сауда орталығында болған өрт кезінде терезеден құлаған қыздың жағдайын айтты. Бұл туралы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталықтың мәліметінше, 20 жастағы қыздың жағдайы тұрақты. Ол қосымша тексеруден өтіп, емделіп жатыр.
"Оның жағдайы жақсы, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз қызметі.
2 қазанда "Астықжан" сауда орталығында өрт шығып, үшінші қабаттағы жиһаз салоны өртенді. Өрт аумағы 7 мың шаршы метрге жетті.
Өрт сөндірушілер келгенге дейін жиһаз цехының жұмысшысы, 2001 жылы туған қыз екінші қабаттың терезесінен құлап, өрттен қашқан. Оқиға видеоға түсіп қалған.
Келтірілген залалдың мөлшерін анықтау үшін әкімдік өкілдері мен сауда үйі басшылығынан тұратын жедел штаб құрылды. Полиция Қылмыстық кодекстің 292-бабы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также