"Асыл Арман" тұрғын үй кешені карантиннен алынды

viewings icon 1051
comments icon 0

Алматы маңындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешені карантиннен алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы маңындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешені карантиннен алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, Қарасай аудандық бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес "Асыл Арман" тұрғын үй кешені карантиннен алынды.

Реклама
Реклама

"Облыстағы үшінші сырқат жүктіліктің 21-22 аптасындағы 1995 жылғы келіншек. Мұнан кейін осы тұрғын үй кешенінде тұратын 1957 жылы туған тағы бір әйелдің ауырғаны анықталған еді. Осыған байланысты коронавирус инфекциясының бұдан әрі таралуына жол бермеу мақсатында  "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 1 сәуірден бастап карантин енгізілген. Сол уақыттан бері тұрғын үй кешені аумағында медицина қызметкерлерімен және тәртіп сақшыларымен бірге әскери-еріктілер де қызмет етті. Вирус жұқтырған әйелден тағы да сараптама алынғаннан кейін ол ауруханадан шығарылды, ал 1957 жылы туған тұрғын ем қабылдап жатыр", - деді облыс әкімдігіндегілер.

Еске салайық, 2 сәуірде "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінде 20 мың адамның карантинге жабылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная