Асылжан Мамытбековке соңғы ескерту жасалды

Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруашылығы министріне толық емес қызметтік сәйкестік жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековке толық емес қызметтік сәйкестік жариялаймын. Бұл соңғы рет жасалған ескерту деген сөз (...). Егер бүгін тапсырылғанды орындамасаң, қызметтен кетесің", - деді Президент Ақордада.

Мемлекет басшысы Жер кодексіндегі құқық саласы бірінші кезекте ауыл шаруашылығына қатысты екенін, бірақ аграрлық ведомствоның басшысы осы уақыт бойы үндемей келгенін айтты.  

Реклама
Реклама

"Заң жобасын жасауда белсенді қатыспадың. Тіпті түсіндірмедің. Таңғаламын, ауыл шаруашылығы қайда? Егер жер болмаса - ауыл шаруашылығы да болмайды. Кәрім Қажымқанұлы, жер басқа ведомствода қалып, аграрлықтар қалайша тысқары қалып қойды? Олар қайда? Әуеде тазалап, жұмыс істейтін бе еді? Ол енді дым қатысы жоқтай отыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Ол Үкіметке жер қатынастарын реттеу саласындағы салалық функцияларды Ауыл шаруашылығы министрлігіне өткізуді тапсырды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама