"Ата-ана құқығынан айыру оңай". Желіде жаңа заң туралы қауесет тарап жатыр

"Ата-ана құқығынан айыру оңай". Желіде жаңа заң туралы қауесет тарап жатыр © pixabay.com

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаңа заң қабылданды деген қауесет тарап жатыр. Ол заңда кез келген адамды 15 тәулікке қамап, ал баланы үшінші тұлғалардың өтініші бойынша отбасынан тартып алуға болатыны айтылады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Әлеуметтік желілерде Қазақстанда жаңа заң қабылданды деген қауесет тарап жатыр. Ол заңда кез келген адамды 15 тәулікке қамап, ал баланы үшінші тұлғалардың өтініші бойынша отбасынан тартып алуға болатыны айтылады, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Дереккөз мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, себебі Қазақстанда мұндай заң қабылданбаған.

Мұндай қауесет 23 қыркүйекте Парламент Мәжілісінің жалпы отырысынан кейін пайда болған. Онда депутаттар "отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңды бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Мәжілісмендердің сөздерін дұрыс түсінбеген қазақстандықтар балаларына алаңдаушылық білдіріп, тіпті қоғамды жаңа заңның қабылдануына қарсы дауыс беруге шақыра бастаған.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, әлі қабылданбаған жаңа заң жобасы отбасылық зорлық-зомбылық деңгейін төмендетуге және елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы алдын алу шараларына назар аударуға бағытталған. 

Дереккөз мәліметінше, жаңа заң жобасында мұндай жазалау шаралары қарастырылмаған. Депутаттар ұсынған өзгерістер тек балаларды қорғау туралы бұйрық шығаруға қатысты.

Заң жобасын Парламент Мәжілісі депутаттарының бірінші оқылымында ғана қабылдаған. Жоспар бойынша екінші оқылым енді қаңтарда өтуі керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама