02 наурыз 2021 16:01

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: СҚО ТЖД Фото: СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза тапқанын хабарлады. Екі пәтерлі үйде өрт шыққанын куәгер хабарлаған.

"1 наурызда сағат 18:59-да Смирново ауылының "101" пультіне Новороссийск ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бір қабатты үйде пәтер жанып жатқаны анықталды. Өртсөндірушілер келгенге дейін жергілікті тұрғындар 2015 жылы туған баланың жансыз денесін алып шыққан. Өрт себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді", - деп хабарлады СҚО ТЖД өкілі.

Бала үйде жалғыз қалған, ата-анасы жергілікті ЖШС-де жұмыс істейтіні белгілі болды.

Фото: СҚО ТЖД

Ақпарат бойынша, үйдің қабырғалары қамыстан жасалған соң оңай тұтанып кеткен. Өрт ас үйден шыққан, алдын ала болжам бойынша, тосын жайдың себебі пеш болған. Өрт салдарынан үйдің жартысы жарамай қалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети