"Ата-бабамыздың жерінде". Ердоған Қазақстанды бір сөйлеммен сипаттады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
"Ата-бабамыздың жерінде". Ердоған Қазақстанды бір сөйлеммен сипаттады © instagram/rterdogan

Астанада сапармен жүрген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанды "ата-бабамыздың жері" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада сапармен жүрген Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанды "ата-бабамыздың жері" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ata topraklarımızda… ("Ата-бабаларымыздың жерінде")", - деп жазды Түркия басшысы Instagram парақшасында Қазақстан астанасынан түсірілген суретте.

Жарнама
Жарнама

Түркия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен сәрсенбі, 12 қазанда Астанаға келді.

Ол Тоқаевпен екіжақты кездесіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің отырысына қатысты.

Тоқаев Ердоғанмен кездесуінде оған 1-дәрежелі "Достық" орденін тапсырып, Түркияны "Қазақстанның ең жақын және сенімді стратегиялық серіктесі" деп атады.

13 қазанда Түркия басшысы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) алтыншы саммитіне қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама