ПОДЕЛИТЬСЯ
13 желтоқсан 2019 | 09:44
"Ата, мұны сақтап қалуың керек". Сағынтаев отбасылық оқиғасын бөлісті
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Urban Conference 2019 форумы кезінде Шымбұлақ тау-шаңғы курортына отбасымен демалуға барған кездегі оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Almaty.tv.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Urban Conference 2019 форумы кезінде Шымбұлақ тау-шаңғы курортына отбасымен демалуға барған кездегі оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Әкімнің сөзінше, оның немересі алматылық таулардың әдемілігіне таңдай қағып, оған мегаполистегі табиғатты сақтап қалуды тапсырған.
"Бірде отбасымызбен Шымбұлаққа бардық, кейін түскі ас ішуге кафеге кіргенбіз. Терезенің қасына отырдық. 10 жастағы немерем бар. Ол терезеге қарап отырған - сыртында әдемі таулар, ағаштар, қарағай, шыршалар. Кейін маған былай деді: "Ата, мұны сақтап қалуың керек", - деп оқиғасын бөлісті Сағынтаев.
Оның айтуынша, экология проблемасы әр алматылыққа маңызды болуы қажет, себебі 10 жастағы бала бұл туралы айтса, мұндай тапсырманы бәрі бірге шешуі керек.
Показать комментарии
Читайте также