"Атакенттегі" тиіннің тағдыры сәуірде шешіледі

Дина Муратова Редактор
© Эльдар Устемиров

Алматыда "Атакентте" орналасқан тиын мүсінінің авторы Алекс Ринслер оның тағдыры туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматыда "Атакентте" орналасқан тиын мүсінінің авторы Алекс Ринслер оның тағдыры туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алекс Ринслер тиіннің тағдыры сәуірде шешілетінін айтты.

"Мен сәуірге дейін ешнәрсе айта алмаймын. Сәуірде сәйкесінше шешім қабылданып, ол шешім барлық сұраққа жауап береді деп ойлаймын", - деді ол.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта британ суретшісі Манчестерде үлкен шошқаның мүсінін жасап жатыр. Ол мүсін Қытайдың жаңа жыл мерекесінің құрметіне орнатылмақшы. 

Осыған дейін Алматы қаласының мәдениет басқармасы тиін мүсінін жаңартатынын мәлімдеген. Тиіннің басқа материалдармен жаңартылуы да мүмкін екені айтылған. Қала әкімдігінің өкілдері автормен қандай материал қолданылатыны және оны қалай өзгертетіні жайлы келіссөздер жүргізілгенін айтқан.

Тиін мүсінін 2018 жылдың жазында жасаған. Оның бағасы 23 миллион тұратыны туралы да ақпарат тараған.

Тиіннің авторы Алекс Ринслер - Ұлыбританияның танымал арт-суретшісі. Оның жасаған жұмыстарына тұрғындарды қатынастыруымен қатар қаланың бейнесін өзгерту сияқты талантымен танымал. Оның тағы бір ерекшілігі - жасаған мүсіндерін біраз уақыттан кейін өртейді екен. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама