Атамбаев Назарбаевты туған күнімен құттықтады

?ыр?ызстан президенті Алмазбек Атамбаев ?аза?стан Президенті Н?рс?лтан Назарбаевты ту?ан к?німен ??тты?тады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?ыр?ызстан президентіні? сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан президентінің сайтына сілтеме жасап.

"Бауырлас Қазақстанның жетістіктері, әлеуметтік-экономикалық жетістіктері, әлемдік деңгейдегі жобалардың жүзеге асырылуы мен мемлекет абыройының халықаралық аренада нығаюы - осының барлығы сіздің көреген саясатыңыздың жарқын нәтижесі болып саналады", - делінген Қырғызстан президентінің құттықтауында.

Атамбаев қырғыз-қазақ халқының достық қарым-қатынасы мен стратегиялық серіктестігі әрі қарай нығайып, екі бауырлас елдің қарым-қатынасы жетіле түсетініне сенімді.

Реклама
Реклама

Атамбек Назарбаевқа зор денсаулық пен мемлекеттік қызметте жетістіктер тілеп, бауырлас Қазақстан халқына әрі қарай гүлденуін және бейбітшілік тіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама