22 маусым 2020 | 12:07

Атамқұловтың кеңесшісі тағайындалды

Серік Оспанов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Серік Оспанов индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оспанов Серік Жәмекеұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ол түрлі жылдары Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды, сондай-ақ 3 шақырылымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Министрлік мәліметінше, Серік Оспанов индустриялық даму мәселелерімен айналысады.

Серік Оспанов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. Инженер-механик мамандығы бойынша оқыған. 

В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының машина құрылысы технологиясы, металл кесуші құрылғылар мен аспаптар факультетін (1986) механик-инженер мамандығы бойынша; Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің маркетинг және коммерция факультетін (2000) маркетолог-экономист мамандығы бойынша бітірген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная