09 сәуір 2023 13:32

Атбасарда көшедегі итті сойып, етін жемек болғандар ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Ақмола облысында көшедегі итті сойып, етін жемек болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысында көшедегі итті сойып, етін жемек болғандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ-не сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 сәуірінде Атбасар қаласында учаскелік полиция инспекторы жергілікті тұрғындардың итті сою дерегін анықтаған. Түнде екі адам көшеде иесіз жүрген итті байқап, оны тамаққа пайдаланбақ болған.

"Қылмыстық ниетті жүзеге асыру үшін олар жануарды бауыздап өлтіріп, етін мүшелеп, үйге алып кеткен, ал қалған бөліктері оқиға орнында қалған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Бұл факт ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігі (жануарларға қатыгездік) бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"Одан әрі тергеу әрекеттері барысында иттің сүйектері табылып, тәркіленді, қала тұрғындары қылмыс жасағанын мойындады. Қазіргі уақытта оқиғаны тергеу жалғасып жатыр, полицейлер оқиғаның басқа жағдайларын анықтау үстінде", - деп толықтырды облыстық ПД.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram