Атбасарда туған күн кешін ұйымдастырған асхана және зауыт басшылығы жазаланады

Видео кадры

Ақмола облысы Атбасар қаласында туған күн жасаған асхана және зауыт басшылығы жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы Атбасар қаласында туған күн жасаған асхана және зауыт басшылығы жазаланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Асханада "Қамқор-Локомотив" ЖШС электровоз зауытының бөлімшесінің директоры орынбасарының туған күні тойланған.  

Туған күн иесін құттықтауға 17 адам келген, оның ішінде, кәсіпорын басшысы да бар. 

Реклама
Реклама

Аталған дерек бойынша материал Көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне берілді. 

"Одан бөлек, карантин режиміне қарамастан туған күн кешін ұйымдастырып, бас мемлекеттік санитар дәрігердің талабына құлақ аспаған асхана басшылығы да жазаланады", - дейді көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қалижан Қобландин.

Еске салайық, Ақмола облысы коронавирус жағдайына байланысты "қызыл" аймақ тізімінде. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама