Атбасардың іргесіндегі өзеннің деңгейі көтеріледі

10 Сәуір 2014, 16:52
0
Атбасардың іргесіндегі өзеннің деңгейі көтеріледі - ©Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі
©Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдағы күндері Ақмола облысындағы Жабай және Қалқұтан өзендерінің суы көтеріледі деген болжам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 

"Сәуірдің 10-13-і күндері Атбасар қаласы маңындағы Жабай, Қалқұтан аулына жақын Қалқұтан өзендерінің деңгейі көтеріледі. Өзен тасып, су басу қаупі сақталады", - делінген "Қазгидрометтің" хабарламасында.

Айта кетейік, бұған дейін сәуірдің 7-8-і күндері Атбасар және Жақсы аудандары тұрғындарының үйлерін еріген қардың суы басты. Атбасарда 120 үйге су кіріп, 150 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Сол кезде қалаға жақын Жабай өзенінің суы 6 метрге көтерілген болатын. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай