Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал ететін боламыз - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев. © Тұрар Қазанғапов

Н?рс?лтан Назарбаев Атом энергиясы ж?ніндегі халы?аралы? агенттікті? (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі А?орда?а сілтеме жасап.
 
?аза?стан Президенті МАГАТЭ-ні? т?мен байытыл?ан уран банкіні? ашылуына орай елімізге келгені ?шін Юкия Амано?а ризашылы? білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
 
Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкінің ашылуына орай елімізге келгені үшін Юкия Аманоға ризашылық білдірді.

"Бүгінгі шара - төмен байытылған уран банкін құру жөнінде көп жыл бойы бірлесе атқарған жұмысымыздың нәтижесі. Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы зор", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жаһандық ядролық қаруға қарсы күрес қозғалысының көшбасшысы саналатынын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Біз құрамында ураны мол шикізатқа ие мемлекет ретінде атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалануға ықпал ететін боламыз", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы еліміздің Агенттікпен ынтымақтастығы жан-жақты және берік екенін айтты.

МАГАТЭ-нің бас директоры делегацияға көрсетілген қонақжайлық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді.

"Бұл шара, ең алдымен Сіздің жеке қолдауыңыз бен қатысуыңыздың, сондай-ақ біздің жемісті ынтымақтастығымыздың арқасында іске асып отыр", - деді Амано.

Сонымен бірге, Агенттіктің бас директоры төмен байытылған уранды сақтайтын ғимарат ашумен қатар, бұл шикізатты сатып алу және оны тасымалдау мәселелері де маңызды екенін атап өтті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама