19 сәуір 2022 13:03

Аттестация кезіндегі мұғалімнің өлімі: Аймағамбетов пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аттестация кезінде қайтыс болған мұғалім туралы айтып, оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аттестация кезінде қайтыс болған мұғалім туралы айтып, оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметте өткен брифингте журналистер министрден Алматыда біліктілік тестілеуі кезінде мұғалім қайтыс болған қайғылы оқиға туралы сұрады.

"Біріншіден, мен бұл атышулы істі аттестациядан өтумен байланыстырмаймын. Екіншіден, бұл жерде медицина қызметкерлерінің жұмысына қатысты: медицина қызметкері осы жерде болуға міндетті болатын, ал қызметкердің сол уақытта жұмыста болмауы, әрине, үлкен сигнал. Сондықтан барлық жоғары оқу орны мен білім беру ұйымдарына қажетті жұмыстар жүргізілді. Осыған байланысты олардың үнемі жұмыста болуы, қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсетуі үшін бақылау қамтамасыз етіледі", - деді Аймағамбетов.

Реклама
Реклама

Білім және ғылым министрлігінің басшысы марқұм әріптесі білікті маман болғанын және өзіне сенгенін айтты.

"Оның аттестациядан өту қажеттілігі болмаған, мектепке жұмысқа 2020 жылы орналасқанына байланысты. Ол бағдарламаны жақсы біле отырып, тапсыратыны немесе тапсырмайтыны туралы алаңдамай, құжаттарын өткізуді ұйғарды", - деді министр.

Аймағамбетов мұғалім есепте тұрғанын және сырқаты болғанын еске алды.

"Таңертең өзін біраз жайсыз сезінген, туыстары оған бармауды ұсынып, бұл күнді өткізуге кеңес берген. Соған қарамастан, әріптесіміз өзіне сенімді болған. Ол мықты маман болатын, сондықтан тестілеуден өтетін/өтпейтініне қарамастан аттестацияға келуді ұйғарған", - деді Аймағамбетов. 

15 сәуірде Алматыда ұлттық біліктілік тестілеу кезінде жекеменшік мектептердің бірінің 1973 жылы туған мұғалімі қайтыс болғаны белгілі болды.

Кейін білім вице-министрі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, ер адамның созылмалы дертке шалдыққанын және жүрек ауруына байланысты есепте болғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram