16 маусым 2023 | 15:13

"Ату жазасы болса да келісемін". Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық іс бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Астана қаласының Байқоңыр ауданының №2 сотында айыпталушының соңғы сөзі тыңдалды.

Реклама
Реклама

"Мен елдің заңдарын бұзған жоқпын, кінәні толық мойындамаймын. Осыдан тура екі ай бұрын басталған сот процесі мені ғана емес, бүкіл халқымызды менің сөздерімнің растығына сендірді, менің шынайылығымның дәлелі, айыптау актісінің жаңа қорытындысының болуында. Онда прокурор ел заңдарын ұрлау, келісу және бұзу деректерін келтірмеген. Барлық шақырылған куәгерлер ұрлау деректері болмағанын, тіпті айыпталушылар тарапынан заңсыз әрекеттер болмағанын сенімді түрде қайталады",-деді экс-министр.

Мұхамедиұлы "әлем мұражайлары арқылы Алтын адамның шеруі" көрмесінің айналасындағы жағдай туралы айтып, Қазақстанда коронавирустық шектеулер аяқталғанға дейін "Алтын адам" түріндегі артефакт Үндістанда қалғанда жоғалуы мүмкін екенін айтты.

"Қазіргі уақытта "Алтын адамды ұрлап кеткендей" әлдебір жағымсыздықпен байланыстырады. Бірақ "Алтын адам" Ұлттық музейде. Репрессиялық әрекеттерден кейін "Алтын адамның" көрмесін кім өткізгісі келеді? Проблемалық тарихы бар көрмені екі жақ та қабылдағысы келмейді. Үнділік тарап таң қалды. Көрме отыз күн емес, үш күн де өтті. Бұл локдауынның енгізілуіне байланысты болды. Біз Алтын адамды алыстағы Үндістанда қалдырмай, елімізге уақытылы жеткіздік деп ойлаймын", - деді экс-министр.

Ұлттық музейдің экс-басшысының айтуынша, сот ісі музей ветериналарының, шақыру билеттерінің, буклеттердің, каталогтардың құнына, аудиторлық компания ойлап тапқан деректерге бағытталғанын айтты.

"Құрметті судья, мен кез келген жазаға келісемін, тіпті ату жазасы болса да. Бірақ жымқырды дегенге емес. Қазақта "Өлімнен ұят күшті" деген мақал бар. Мен алпыс жыл лайықты өмір сүрдім", - деп түйіндеді сөзін Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, бұрынғы Мәдениет министрі, Ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музейдің директоры болған кезінде "бюджет қаражатын ысырап етті" деген айып тағылған болатын. Ол қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және "Алтын адамның әлем мұражайлары арқылы өтуі" халықаралық көрмесіне, "Ұлттық мемлекеттік фотограмметриялық 3D сканерлеу", "Қазақстанның киелі нысандары және мұражай қорлары" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық фильмдер жинағын цифрландыру" жобаларына бөлінген аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Ол 2022 жылдың мамыр айынан бері қамауда.

Бір күн бұрын прокурор Мұхамедиұлын тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны "Дипломат" қонақүйін рейдерлік жолмен басып алды деп күдіктенеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная