ПОДЕЛИТЬСЯ
16 желтоқсан 2023 | 13:19
Аты аңызға айналған Бибігүл Төлегенова 94 жасқа толды
Бүгін – КСРО халық әртісі, Қазақ КСР халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның көптеген сыйлықтарының иегері, бірегей лирика-колоратуралық сопрано иегері, аты аңызға айналған Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туған күні, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін 1929 жылы 16 желтоқсанда дүниеге келген Бибігүл Төлегенова 94 жасқа толды. Танымал әнші өз туған күнінде Қазақстан халқына үндеу жасады.
"Құрметті достар! Сіздердің баршаларыңызды, мемлекетіміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, баршаларыңызға зор денсаулық тілеймін, ұзақ өмір тілеймін. Кеше жауған аппақ қардай аппақ көңіл тілеймін. Тыныштық болсын, елімізде амандық болсын. Іштегі дау, сырттағы жаудан сақтасын. Аман-есен болыңыздар. Мереке құтты болсын!" - деді Бибігүл Төлегенова.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также