17 наурыз 2022 | 11:59

Аты қандай, заты қандай: Қапшағай атауы қайдан шыққан?

Фото: Тұрар Қазанғапов

Кеше, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаев атын беруді қолдауға дайын екенін айтты. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Ал Қапшағай атауы қайдан шыққан? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында қала атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы Қапшағай қаласының атауын Дінмұхамед Қонаев атын беруді қолдауға дайын екенін айтты. Бұл туралы Президент Қазақстан халқына Жолдауында айтты. Ал Қапшағай атауы қайдан шыққан? Тengrinews.kz тілшісі "Аты қандай, заты қандай" айдарында қала атауының шығу тарихы мен аңызын жинады.

Жолдауында Тоқаев ұлан-ғайыр жерімізді ұлы тұлғаларымыздың есімімен ұрпақ санасында жаңғырта беретінімізді айтты. 

"Мысалы, Қапшағай қаласы халқымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер жұртшылық Қапшағайға Қонаевтың есімін беру керек деп ұсынса, мен бұл пікірге қосыламын", - деді Президент жолдауында. 

Реклама
Реклама

Артынша жергілікті тұрғындар да қала атауының өзгеруіне байланысты пікір білдірді. 

"Естігенде көзімнен жас шығып кетті. Бұл қуанышты хабар болды. Ел көптен күткен нүктесі қойылады-ау деп жүрген жағымды жаңалық болды".

"Қапшағай қаласына Қонаев атамыздың атын беруді қанша тұрып келе жатырмыз, сонша ұсыныс жасадық. Бүгін халық қуанып жатыр. Көп жерде айтып жатыр. Көптен күткеніміз болды", - деді тұрғындар "Хабар 24" телеарнасына.  

Қапшағай атауы қайдан шыққан? 

Қапшағай - Қапшағай су қоймасы 1970 жылы Іле өзенінде су электр стансасының құрылысы арқасында пайда болды. Ежелгі түрік сөзі "Қапшағай" "тас аңғар", немесе "шатқал" деген мағынаны білдіреді. Бұл туралы "Массагет" порталының материалында жазылған. 

Бұл сөздің шығу тегінің тағы бір болжамы Жоңғар шапқыншылығы заманымен байланысты, қазақ қолбасшысы Қаптағай батыр бұл жерде өзен арқылы өтіп, оның арнасын құм салынған қаптармен бекітіп тастамақ болады. Яғни қап сөзі де Қапшағай аталуына негіз болса керек.

Қапшағай тұрғындары. Фото: Тұрар Қазанғапов

Қапшағай - Қонаевтың бастамасымен өмірге келген қала

Алматы қаласының дамып, халық санының күрт өскеніне байланысты осы қанаттас қала туралы әңгіме қозғалған күннен бастап екіұдай пікір қатар жүрген. Сол кезде Дінмұхамед Қонаев былай деген екен:

"Алматы - жыл сайын дамып бара жатқан еліміздің үлкен астанасы. Баршаға ұнайды десек те, бірақ айналасын тау қоршаған, жан-жағы қысылып-қымтырылып тұр. Қала өскен сайын өнеркәсіптің де өркен жаятыны-заңдылық. Сондықтан, бұл ауаның табиғи алмасуына қиындық әкеледі. Алматыға енді бір қанаттас қала салу өзінен-өзі сұранып тұр. Болашақ өндіріс орындарын қаладан мүмкіндігінше шеткері маңға салсақ, ал Алматыны таза мәдениет пен ғылымның, әкімшіліктің орталығы ретінде қалыптастырсақ, бұдан ұтылмаймыз".

Осылайша Дінмұхамед Қонаев алғашқы ұйымдастыру жұмыстарын бастаған екен. Бұл туралы "Ақиқат" газетіндегі материалда жазылған. 

Дінмұхамед Қонаев. Фото: ашық дереккөздерден

Уәлихановтың Қапшағайға сапары туралы естелік

"Ақиқат" газетінің мәліметінше, 1856 жылы ғалым Шоқан Уәлиханов бүгінгі Қапшағай аумағындағы қысаңнан өткен. Ол сондағы Тамғалы тастан будда құдайларының суретін көшіріп сызғанын жазған. 

"...18 шілдеде кешқұрым біз Шеңгелдіден өттік. Осы мекеннен мен ежелгі су айдау жүйесін көрдім. Құбыр тауып алдым", - деп жазған екен ғалым.

Бұл 1856 жыл болатын.

Құмар ойын рұқсат етілген қала

Елімізде құмар ойын екі аймақта ғана ресми түрде жұмыс атқаруға рұқсат берілген болатын. Олар - Ақмола облысының Бурабай ауданы мен Алматыдан 70 шақырымдағы Қапшағай қаласы.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Ресми құжатта, казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Бурабай ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жататыны жазылған. 

Елу жылдан аса уақыт бұрын салынған Қапшағайда бүгінде 2 округ және 11 елді мекен бар. Өңірде 61,6 мыңнан аса адам тұрады. Елімізде Қапшағай халық ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная