ПОДЕЛИТЬСЯ
26 қыркүйек 2023 | 16:55
Атырау әкімдігі шенеуніктерінің қамауға алынуы: істің егжей-тегжейі белгілі болды
Атырау облысының прокуратурасы жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысының прокуратурасы жер қатынастары, сәулет және Атырау қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап.
Прокуратура мәліметінше, үш адам күдікке ілінген.
"Бұл жер қатынастары және сәулет бөлімінің бұрынғы басшылары және қазіргі Атырау әкімі аппаратының заң бөлімі басшысы, олар жер телімдерін беру және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Деректі прокуратура органдары Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Аса ірі көлемде жасалған алаяқтық") және Қылмыстық кодекстің 361-бабы ("Қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану") бойынша тіркеді", - деді Атырау облысының прокуратурасы өкілдері.
Қылмысқа күдіктілер Атырау қаласының бас жоспары бойынша тұрғын үй салуға тыйым салынған және қарастырылмаған демалыс аймағынан жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерін берген. Кейбір аудандарда тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр.
"Бұрынғы шенеуніктер берген барлық жер теліміне бұғат қойылды. Мемлекетке бір миллиард теңгеден аса шығын келтірілді. Екі күдікті қамауға алынды, үшіншісі үйқамаққа алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесін көздейтін өзге де мәліметтер жарияланбайды", - деп қорытындылады қадағалау органы.
Атырауда қала әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері қамауға алынды
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также