04 ақпан 2022 | 10:41

Атырау-Астрахань тасжолын қайта жаңғырту жобасының авторы жауапқа тартылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:primeminister.kz

Атырау-Астрахань тасжолын қайта жаңғырту жобасының авторы қате жібергені үшін жауапқа тартылды. Салдарынан құрылыс жұмыстары айтарлықтай кешіккен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау-Астрахань тасжолын қайта жаңғырту жобасының авторы қате жібергені үшін жауапқа тартылды. Салдарынан құрылыс жұмыстары айтарлықтай кешіккен. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ИИДМ басшысының айтуынша, ұзындығы 277 шақырым тасжолды қайта жаңғырту 87 миллиард теңгеге бағаланып отыр. 2021 жылы Ресеймен шекарадан Ганюшкино ауылына дейінгі 60 шақырым болатын бірінші кезең жұмыстары аяқталды. Жұмысқа 22 миллиард теңге жұмсалған. Қазір жол ашық.

2020 жылдан бастап ұзындығы 217 шақырым екінші кезең басталғаны айтылды. Оның құны 65 миллиард теңге болды. Ол Еуропа қайта құру және даму банкінің несиесі есебінен қаржыландырылады. Жолды салуға төрт мердігер компания жауапты: Lankaran Yol Tikinti, Todini Construzioni Generali S.p.A, Ant Insaat Maden Sanayi және "СП "СМС"

Реклама
Реклама

"Жобаның басталуы шынымен де, кешіктірілді. 2020 жылы коронавирус пандемиясы қатты әсер етті, соның салдарынан қызметкерлер мен жол жөндеу техникасын жұмылдыруда қиындықтар туындады.

Сондай-ақ, жобаны жүзеге асыру барысында "Жаңа жол" ЖШС жобалау институтының жобалауында қате болды. Жол төсеміне жергілікті карьерлердің топырақ қабаты жабылған, ол гипске байланысты талапқа сай емес. Қате есептеулер үшін жоба авторы жауапқа тартылды", - деді Өскенбаев.

Оның айтуынша, 2021 жылы жол компаниялары тек жерасты қабатын толтырып, жасанды құрылыстар салған. Бұл ретте жол төсемінің жобасына өзгерістер енгізіліп, былтыр қарашада ғана мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған.

"Жұмыстың құнын қайта бағалау мәселесі құрылыста пайдаланылатын негізгі жол-құрылыс материалдары құнын өзгертуді қарастыратын FIDIC (Халықаралық консалтингтік инженерлер федерациясы) ережелері бойынша келісімшарттар талаптары бойынша реттеледі", - деді министр. 

Ол 2023 жылы жобаны толығымен аяқтау жоспарланып отырғанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная