17 қараша 2021 | 09:09

Атырау аялдамасындағы студенттердің бұзақылығы жұртты ашуландырды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
© instagram/atyrauoil.official

Атырауда жасөспірімдер жылы аялдаманы бүлдірген. Жастардың заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған, ол Instagram-да таралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырауда жасөспірімдер жылы аялдаманы бүлдірген. Жастардың заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған, ол Instagram-да таралған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ATPress.kz сайтына сілтеме жасап. 

Видеоға пікір білдірушілер жасөспірімдер мен олардың ата-аналарын тауып, айыппұл салуға шақырды.

"Жабайылар! Айыппұл салу керек".

Реклама
Реклама

"Жартастағы суреттер. Палеолит. Б.з.д. 4000 мың жыл".

"Жабайыы емаа".

"Өздеріне тазарту керек!"

"Маңдайыма жазуды ұмытып кетіппін".

"Тілімен тазаласын".

"Ата-аналарына дұрыстап айыппұл салу керек!! Балаларын тәрбиелесін".

"Ата-аналарға айыппұл салу дегенге қарсымын. Балаларды қаланың барлық аялдамасын жууға мәжбүрлеу керек, менің ойымша, келесіде сурет салғысы келмейтін болады. Жастардың бойында құндылық жоқ".

Бұл оқиға туралы Атырау облыстық полиция департаментінде түсінік берілді.

"12 қарашада Атырау қаласында 15-16 жастағы екі жасөспірім жылы аялдамалардың бірінің қабырғасына Instagram аккаунтындағы бірқатар жазбаларды жазу арқылы қоғамдық орынға зиян келтірді. Осы жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде таралды. Полицейлер іздестіру шараларын жүргізді, олар Атырау бизнес және құқық колледжінің студенттері болып шықты. Балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оқу орнына жасөспірімдердің заңды өкілдері шақырылды", - деп хабарлады Атырау облысы ПД.

Сондай-ақ, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 448-бабына сәйкес "16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық, яғни мемлекет қорғайтын үйлерді, өзге де құрылыстарды, жазбаларды немесе суреттерді қорлау, сондай-ақ өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіру" хаттамасы толтырылды.

Қоғамдық тәртіпті бұзушылардың бірі - 15 жастағы бірінші курс студенті. Колледж директорының орынбасары Назерке Қожабаеваның айтуынша, студентке қатысты оқу орнында профилактикалық әңгімеден басқа нақты шаралар қабылданбаған. "Мұны сот шешеді", - деп түсіндірді Қожабаева.

Бұл оқиғаға байланысты материалдар Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная