Атырау МӨЗ жөндеу жұмыстарына байланысты тоқтайды

Фото: anpz.kz

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

МӨЗ баспасөз қызметі мәліметінше, технологиялық қондырғыларды одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, жабдықтардың тұрақты жағдайын қолдау және өндіріс тиімділігін арттыру үшін тұрақты негізде жұмыс істеу қажет.

АМӨЗ-де технологиялық жабдықтар мен құбырлардың өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық куәландыру, тексеру және сараптау бойынша іс-шаралар жүргізілетіні хабарланды. Сондай-ақ, реакторлық жабдықтың катализаторларын ауыстыру жоспарланған. Технологиялық жабдықты тазарту (булау жұмыстары) атмосфераға зиян заттардың шығуын болдырмау үшін жабық жүйеде жүргізіледі.

Реклама
Реклама

Жұмыстарды аяқтау және кәсіпорынның тұрақты режимге көшуі 2024 жылғы қазанның аяғына дейін жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама