18 тамыз 2022 12:09

Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:anpz.kz

Күзде Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзде Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қыркүйек-қазанда өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТПБАЖ) және бақылау-өлшеу аспаптарын (БӨА) куәландыруға байланысты Атырау МӨЗ-де жоспарлы алдын ала жөндеу жүргізіледі", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, АМӨЗ-дің артықшылығы - мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы, яғни нысандар  кезекпен тоқтап, іске қосылады. Зауыттың 50-70 пайыз қуаты жұмысын жалғастыратыны, нысандар толық тоқтатылмайтыны айтылды.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram