01 қараша 2018 14:17

Атырау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Нұрлан Таубаев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Таубаев Атырау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

1 қарашада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір активімен жиналыс кезінде жаңа орынбасарды таныстырды. Осыған дейін бұл қызметті атқарған Жасұлан Сүйіншіәлиев өз еркімен босатты. 

Реклама
Реклама

Өңір басшысы Нұрлан Таубаевтың тәжірибесі мен біліміне сүйене отырып, тұрғын үй коммуналдық, автомиль жолдары және құрылыс секторын игеретініне сенім артты. 

Нұрлан Таубаев 1976 жылы Атырауда дүниеге келген. Атырау мұнай және газ институтын тәмамдап, Қазақстандық экономика және құқық институында оқыған. Сонымен қатар, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде таулы инженерия, заңгер, экономист-менеджер мамандықтары бойынша білім алған. 

2000-2006 жылдары Тұрғын үй коммуналдық қызметінің және Атырау жолаушылар тасымалы және автомобиль жолодары бөлім басшысы болды. 2006-2008 жылдары - Бәсекелестікті қорғау комитетінің Атырау облыстық монополияны реттеу басқармасының басшысы болды. 

2008-2012 жылдары Атырау және Маңғыстау облыстарында мемлекеттік қызметте болды. 

2018 жылдың 15 ақпанынан бастап бүгінге дейін Атырау әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram