04 мамыр 2020 | 08:04

Атырау облысы ПД басшысының орынбасары COVID-19 жұқтырды - БАҚ

© Tengrinews.kz

Атырау облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Амангелді коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Берік Амангелді коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

Басылым мәліметінше, ол 2 мамырда Теңіз кенішінен келген. Соңғы кездері ол жерде мердігер компания жұмысшылары арасында наразылықтар болып, cол жаққа жұмыс сапарымен барған. Атырауға келгеннен кейін Берік Амангелді жүргізушімен бірге COVID-19 тестін тапсырып, нәтиже оң болып шыққан.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, бұған дейін Атырауда ұсталған адаммен байланыста болған үш полиция қызметкерінен коронавирус анықталған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 3920-ға жетті. Соның ішінде Атырау облысында 181 адам COVID-19 жұқтырса, 72 адам жазылып шыққан. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная