ПОДЕЛИТЬСЯ
18 желтоқсан 2019 | 20:06
Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды
Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметке Махамбет Досмұхамбетов тағайыдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл қызметке Махамбет Досмұхамбетов тағайыдалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл қызметке ол 2016 жылдың наурыз айынан бастап атқарған Нұрлан Ноғаевтың орнына келді. Ноғаев болса энергетика министрі болып тағайындалды.
Фото: primeminister.kz
Махамбет Досмұхамбетов 1960 жылы 25 желтоқсанда Гурьев қаласында (қазіргі Атырау) дүниеге келген. И. М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын "Геология және мұнай, газ кен орындарын барлау" мамандығы бойынша және Қазақ мемлекеттік заң университетін "іскерлік әкімшілендіру магистрі" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы "Ембімұнай" бірлестігінің Балықшы барлау бұрғылау басқармасының геологы ретінде бастаған.
Түрлі жылдары "Ембімұнай" ӨБ, "Мұнай" БК, "Ембімұнайгаз" геологы, "Қазақойл" ҰМК ЖАҚ геология департаментінің директоры болып жұмыс істеді, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, "ҚазГерМұнай" БК, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ геология департаменттерін басқарды. 2013 жылдың қыркүйек айынан 2015 жылдың қаңтар айы аралығында "Ембімұнайгаз" АҚ бас директоры, басқарма төрағасы қызметін атқарды, 2015 жылдың қаңтарынан 2016 жылдың қараша айы аралығында - "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ірі жобалар бойынша басқарма төрағасының орынбасары.
2016 жылдың қараша айынан бастап осы уақытқа дейін ҚР энергетика министрлігінің бірінші орынбасары лауазымында болды.
Показать комментарии
Читайте также