Атырау облысында Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген бірегей жәдігер табылды

Айнұр Қапышова Корреспондент
Атырау облысында Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген бірегей жәдігер табылды Видеодан алынған кадр

Атырау облысындағы "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының мамандары биыл ортағасырлық Сарайшық кешеніне қарасты бес қалашық орнынан 250-ге жуық жәдігер тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар XIV ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын тұрғын үйлердің, цитадельдің және керуенсарайдың бөліктері анықталған. Табылған жәдігерлер Алтын Орда дәуіріне тиесілі.⠀

"Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас инспекторы, археолог Айбек Тұрарұлының айтуынша, табылған жәдігерлер қатарында металдан, шыныдан және сүйектен жасалған тұрмыстық әрі сәндік бұйымдар, қыш ыдыстар бар. Соның ішінде, бір жәдігер ғылыми қоғамдастықтың ерекше қызығушылығын тудырды.

Реклама
Реклама

"Ең ерекше жәдігер – XIV–XV ғасырларға тиесілі, Алтын Орда қалашықтарында бұрын кездеспеген қоладан жасалған құлып", - деді археолог.

Сарайшық - Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі, ол әр түрлі уақытта Алтын Орданың, Ноғай Ордасының және Қазақ хандығының астанасы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама