Атырау облысында бас санитар дәрігер сегізінші рет ауысты

Мәдениет Танауов. Фото: facebook.com

Атырау облысында бас санитар дәрігер сегізінші рет ауысты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы қызметіне Мәдениет Танауов тағайындалды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Атырау облысында бас санитар дәрігер сегізінші рет ауысты. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бастығы қызметіне Мәдениет Танауов тағайындалды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Танауов 1971 жылы туған, 1997 жылы С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ санитарлық-гигиеналық факультетін бітірген. Бұған дейін ол Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеген.

Басылым мәліметінше, Танауовқа дейін бас санитар дәрігер болған Амантай Жұмағалиев бұрынғы қызметіне, Атырау облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары қызметіне оралған.

Реклама
Реклама

COVID-19 пандемиясы басталғаннан бері Атырау облысында сегізінші рет бас санитар дәрігер ауысқаны атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама