ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2017 | 09:59
Атырау облысында браконьерлер 500 келі балықпен ұсталды
Атырау облысында браконьерлерлер 500 келі балықпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Атырау облысында браконьерлерлер 500 келі балықпен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
5 желтоқсанда шамамен сағат 21.00-де Дамба ауылының аумағында "Амур" моторлы қайығы тоқтатылған. Қайықтың бортында Құрманғазы ауылының екі тұрғыны болған. Олардан жарты тонна балық табылды.
"Қазіргі уақытта заңбұзушылар ұсталды, балықтар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу") сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Атырау облысының Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі территориалдық инспекциясының басшысы Данияр Баймағамбетов.
Показать комментарии
Читайте также