27 қыркүйек 2022 | 09:16

Атырау облысында дәрігерлер жалдамалы пәтерден шығару туралы хабарлама алған

Дина Шарипханова Корреспондент
КТК/видео кадры

Атырау облысында 16 дәрігер жалдамалы пәтерден шығару туралы хабарлама алғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында 16 дәрігер жалдамалы пәтерден шығару туралы хабарлама алғанын айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлері алты жыл бұрын мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алған. Енді олардан ресми түрде үй-жайды босату сұралып отыр.

"22 қазанға дейін пәтерді босатуымыз керек. Олар ҚР заңының 107-бабына сілтеме жасап отыр. Бұл заңда тоғыз тармақ бар: бұзақылық, айғайлау, шу немесе үшінші тұлғаларға жалға беру. Бірақ оның бізге еш қатысы жоқ. Мемлекеттік органдар мұндай хабарламаларды негізсіз, дәлелсіз қалай жібереді?", - дейді Жылыой аудандық ауруханасының дәрігері Лаура Ғаниева.

Реклама
Реклама

Ашулы дәрігерлер ондай әрекетке бармағандарын айтады. Олардың айтуынша, тұрғындар арасында көпбалалы отбасылар мен жалғыз бала тәрбиелеп отырғандар, зейнет жасына дейінгі дәрігерлер де бар. Олар мұның бәрі жас мамандар үшін жасалып отырғанына сенімді. Хат түскеннен бері жалға алушылардың мазасыз қашқан. Әкімдіктегілер тұрғындар дұрыс түсінбей қалғанын, көшіру тәртіпбұзушыларға ғана қауіп төндіретінін түсіндірді.

"Бұл хабарлама мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алғандардың барлығына келген. Адамдар пәтерлерінде тұрып жатыр. Оларды ешкім мәжбүрлемейді. Пәтерлерді мақсатсыз пайдалану дерегі тіркелсе, сот арқылы мәселелерді шешеміз", - деді Жылыой ауданының ТКШ бөлімінің басшысы Еркебұлан Аққысов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная